Көкшетауда туристік-экологиялық өлкетану бағытындағы іс-шаралардың жеңімпаздары марапатталды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Көкшетауда туристік-экологиялық өлкетану бағытындағы республикалық және облыстық іс-шаралардың жеңімпаздары марапатталды. Оқушылар мен студенттерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Іс — шараны облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы ұйымдастырды. Марапаттау рәсіміне облыстың барлық аудандары мен Көкшетау қаласының өкілдері қатысты.

«Сақтаймыз және көбейтеміз!» аталымы бойынша облыстың оқу мекемелері арасында байқау ұйымдастырылды.

Облыстық экологиялық форумның жеңімпаздары да марапатталды. Онда қатысушылар «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта», «Туған өлке тарихы», «Жасыл оазистер», «Экоболашак» және «Жеңіс мамыры» номинацияларындағы зерттеу жұмыстарын таныстырды.

Яндекс.Метрика