Көкшетауда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Көкшетауда Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы төрағасының орынбасары Айна Мысырәлімованың төрағалығымен Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Іс-шараға Кеңес мүшелері, этномәдени бірлестіктер, мемлекеттік мекемелер, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар өкілдері қатысты.

Кеңес отырысын аша отырып, төрағалық етуші жиналғандарды келе жатқан мерекемен құттықтады.

«Тұңғыш Президент, Елбасының басшылығымен егемен Қазақстан өзінің сыртқы және ішкі саясатының басты басымдықтарын айқындай отырып, өзінің қалыптасу және даму жолынан өтті. 30 жыл ішінде Қазақстан азаматтық бейбітшілік пен этносаралық келісім тәжірибесі әлемдік қоғамдастықта құнды деп танылған елге айналды. Сіздердің әрқайсыларыңыз тәуелсіздік тарихының бөлшегі болып табылатын мемлекеттің дамуына қосқан үлесіңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін», – деп атап өтті Айна Мысырәлімова өзінің құттықтау сөзінде.

Іс-шарада Целиноград ауданының әкімі Бахыдбек Оспанбеков, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Умар Шоназаров,  «Жаңғыру жолы» Ақмола жастар қозғалысының жетекшісі Владислав Вебер, Көкшетау қ. құрылыс-технологиялық колледжінің биология пәнінің оқытушысы, Ақмола ҚХА жанындағы Мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығының мүшесі Алена Малькова-Солопова сөз сөйледі.

Спикерлер өз сөздерінде Тәуелсіздікті, бейбітшілік пен келісімді нығайту, бірлікті сақтау, қоғамды одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікірлерімен бөлісті.

Кеңес отырысын қорытындылай келе, Ақмола ҚХА төрағасының орынбасары өңірдегі этносаралық келісімді нығайтуда одан әрі жүйелі және сапалы жұмыс жүргізуге, атап айтқанда, ел Президентінің экологиялық бастамаларын іске асыруға жастардың белсенді қатысуына, облыс аудандарында аналардың рухани тәрбиесі мен жан – жақты дамуына бағытталған «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасына, этномәдени бірлестіктердің «Біздің өлкеміздің тарихы» жобасына қатысуына назар аударды.

Кездесу соңында достықты, бейбітшілік пен келісімді нығайту ісіндегі жемісті жұмысы үшін бірқатар ақмолалықтар Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Яндекс.Метрика