Көкшетауда балаларға арналған акция өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастырумен «ШАНС» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық құқықтық қолдау орталығына барып, балаларға арнап арнайы концерттік бағдарлама өткізді. Сондай-ақ, балаларға Жаңа жылдық тәттілер сыйланды. Барлығы 40-қа жуық кәмпит қорапшалары табысталды. Балалар, Аяз атаға жаттаған таппақтарын айтып, көңілдері көтеріліп, қуанышқа бөленді.

Сонымен қатар, оларға арнайы музыкалық аспапта әндер шырқалды. Балалар мен орталық қызметкерлері ұйымдастырушыларға  алғыстарын білдірді.

«Біз, аталмыш акцияны жыл сайын әдеттегідей өткізіп отырамыз. Облыстық орталық сондай-ақ мүгедек жандарға көмектесіп, сонымен қатар қарттар үйіне де барып мерекелермен құттықтап, ауласын қыз мезгілінде қардан тазартамыз. Бүгінгі шара балаларға қатты ұнағаны бірден байқалды» — дейді өз сөзінде облыстық ЖРО басшысы – Дастан Ермеков.

«Шанс» әкімшілігі ұйымдастырушыларға алдағы уақытта табыс, жетістік және биік белестерді бағындыруды тілеп, өз алғыстарын білдірді.

фото с https://pixabay.com/

Яндекс.Метрика