Домой Новости области Көкшетауда 18-қазан – Рухани келісім күніне орай салтанатты жиын өтті

Көкшетауда 18-қазан – Рухани келісім күніне орай салтанатты жиын өтті

760
0

Аталмыш шараға өңірдегі діни конфессиялардың, этномәдени бірлестіктердің, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы қоғамдық құрылымдарының жетекшілері, мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Жиын барысында ұлтаралық келісімді сақтауға үлес қосып жүрген жандар түрлі марапаттарға ие болды.

Облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ермек Нұғымановтың айтуынша, өңірдегі діни бірлестіктер азаматтарға қайырымдылық көрсету және  басқа да әлеуметтік пайдалы қызметтерге қолдау білдіреді.

Салтанатты жиын барысында саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтауға үлес қосқан жандар Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова мен «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының алғыс хаттарымен марапатталды. Солардың бірі Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Күляш Рахимжанова.

Салтанатты шара арнайы әзірлеген шағын концертпен жалғасын тапты.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму