Спорттық шараны «Nur Otan» партиясының «Jas Otan» жастар қанаты ұйымдастырды.
«Дүйсенбілік футбол» турнирінде 19 команда бақ сынады. 24 ойын ұйымдастырылды. Финалға іріктеу қорытындыларына сәйкес 3 команда шықты.
Турнир жастарды спортпен белсенді айналысуға тарту мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бұқаралық спорт түрін дамытуға да сеп болмақ. Ойыншылардың өздері де жарыс деңгейіне жоғары баға беріп отыр.
Турнир қорытындысы бойынша Көкшетау қаласының командасы жеңіске жетті. 2 орынды Ақкөл ауданының құрамасы қанжығасына байласа, 3 орын Астрахань командасына бұйырды. Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды. Турнирдің жүлде қоры 600 мың теңгені құрады.