Домой Новости области «Jas sarbaz»облыстық әскери патриоттық лагері 30 шақты еріктілермен әскери-далалық шаралар өткізді

«Jas sarbaz»облыстық әскери патриоттық лагері 30 шақты еріктілермен әскери-далалық шаралар өткізді

488
0

«Jas sarbaz»облыстық әскери патриоттық лагері Ақмола облысының түкпір-түкпірінен 30 шақты еріктілерді жинап, 3 күн бойы әскери -далалық жағдайда түрлі шаралар өткізді. Бұл күні атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалып, үздік командалар мен түрлі номинация  жеңімпаздары анықталды.

Бұл іс-шараның басты мақсаты- еліміздің қарулы күштері қатарында қызмет етуге және отанды қорғауға дайын білімді, жоғары азаматтық және патриоттық тұлғаны қалыптастыру. Колледж жанындағы әскери-патриоттық клуб мүшелерінің осы қасиеттерді арттыру аса маңызды. Патриоттық сезімді насихаттайтын бұл іс-шараны Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы және «Jas sarbaz»балалар-жасөспірімдер патриоттық қозғалысы ұйымдастырды.

«Jas sarbaz» облыстық әскери-патриоттық лагерінің қорытындысы бойынша үздік команда болып Щучинск қаласының орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің командасы танылды. Бірқатар басқа номинациялар бойынша да марапаттаулар болды.  Іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму