ҚХП ынтымақтастықты нығайтуға әзір

Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Наиль Сайфуллин бірқатар қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесіп,   бірлескен жұмыс жоспарын талқылады. Бірінші мәселе ҚХП жанынан цифрландыру жөніндегі Қоғамдық кеңес құруға қатысты болды. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Серік Жұмабаевтың айтуынша, цифрландыру – уақыт талабы. Қоғамдық кеңестің үкіметке балама көзқарас ұсыну мүмкіндігі болады.

– Кеңес құрамында жастар болуға тиіс, – деп атап өтті ол. – Жастар өршіл, олардың өз жобалары бар.

Осындай бастамалардың бірі – нақты уақыттағы Цифрлық Қазақстан. Экономикадан экологияға дейінгі салалардағы статистикамен байланысы бар көрсеткіштерді мемлекеттік басқаруға енгізу шешім қабылдау кезінде ақпараттық қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Қазақстандық бюрократтарға объективті «ақпарат» жетпейді. Қанатқақты жоба қазір Солтүстік Қазақстан облысында енгізіліп жатыр. Жоба сәтті іске асырылған жағдайда ақпарат мобильді қосымша арқылы да қолжетімді болады.

Жиында «Менің үйім»АЖСК ЗТБ фронт-офистерінің базасында (Сарыарқа, Байқоңыр, Алматы және Есіл аудандарында) бірлескен орталық штаб құру туралы ұсыныс жасалды.

Кездесуде «ТКШ дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС Энергия аудиті және ТКШ саласындағы мамандарды сертификаттау орталығының басшысы «Менің үйім» АЖСК қалалық ЗТБ басқарушы директоры Қанат Сүлейменов ҚХП идеяларын қолдайтынын және партия қатарына қосылуға ниетті екенін мәлімдеді.

Басқосуда фронт-офистердің жанынан халыққа психологиялық қолдау көрсететін қоғамдық қабылдау бөлмелерін құру бастамасы көтерілді.

«Қасиет» психология орталығының директоры, Нұр-Сұлтан қалалық практикалық психологтар қауымдастығының президенті, ғылым докторы Айқын Дүйсембаев атап өткендей, күйзеліс кезеңінде психотерапия өте маңызды.

– Біз жұмыссыздарға, зейнеткерлерге, көпбалалы отбасыларға және әлеуметтің әлжуаз тобының басқа да өкілдеріне көмек көрсете аламыз, – деді ол.

ҚХП төрағасының орынбасары ұсынылған бастамаларды қолдады.

– Біз ынтымақтастыққа дайынбыз, – деп түйді ойын Наиль Сайфуллин.

ҚХП баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика