Аталмыш шараға үйірме қатысушыларының 200-ден астам шығармашылық жұмысы қойылды. Балалар Қазақстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қағаз беттеріне бейнелеп, көпшіліктің назарына ұсынды.
Бұл көрме балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін, ұлт тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру үшін ұйымдастырылып отыр. Көпшілікке ұсынылған суреттердің мазмұны осыған саяды.
Балалардың өнерін дәріптеу бағытында ұйымдастырылған көрме бірнеше күнге жалғасып, көпшіліктің назарына ұсынылды.