Бұл туралы толық ақпаратты Біржан сал ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әминә Жақыпова атап өтті, деп Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Біржан сал ауданының бір қатар елді мекендер және көше атаулары әлі де орыс тілінде аталып келе жатыр.
«Ауданымызға қарасты 35 елді мекен бар, оның ішінде 26 қазақша аталған, 9 орыс тілінде. 193 көшенің 132 қазақша болса, 61 орысша атауға ие», — деп айтты Әминә Жақыпова.
Атауы ескіріп, уақыт талабына сай жаңартуды қажет ететін елді мекендердің ішінде — Макинка, Заурал, Яблоновка, Заозерный, Краснофлот, Карловка, Трамбовка және Мамай ауылдары. 61 көше: 11-і Донской ауылдық округінде, 11-і — Үлгі, Жөкей-3, Трамбовка-1,Карловка-2, Баймырза-1, Актас-1, Уалихан -8, Макинка-12,Бұланды -1,Заозерный-4, Степняк-6.
«2022 жылдың ақпан айының 23 күні «Еңбекшілдер жаршысы- Вести Енбекшильдерья» газетіне Баймырза ауылдың көше қайта атау бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы өтеді деп тұрғындардың назарына хабарландыру жарияланған болатын. Бірақ жергілікті қоғамдастық жиналысының отырысында барлығы қарсылық білдіргеннен кейін, бұл мәселе оң шешімін таппады», — деп хабарлады Жақыпова.
Мемлекеттік тіл аясында және ономастика мәселелері бойынша жұмыстар әлі де алдағы уақытта жалғасын табады.