Білім беру жүйесі қолжетімді әрі инклюзивті болуы тиіс

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында білімді, ғылымды жетілдіру мәселесі толық айқындаған. Жолдауда жас ұрпақтың оқуына, үздіксіз білім алу және ғылым саласында жетістіктерге жетуіне барлық жағдайды жасаудың маңыздылығына ерекше тоқталған.

Келер жылда мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артады. Алдағы уақытта да бұл үдеріс жалғасын таппақ. Бұл үшін мемлекет тарапынан алдағы 3 жылда 1,2 триллион қаржы бөлінеді. Қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде түлектің білімі еңбек нарығына шыққанға дейін-ақ жеткіліксіз болып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан, құзырлы министрліктің алдында оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу міндеті тұр.

Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болу керек.   Дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету қажет. Біз оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар береміз. Бір реттік ақшалай сыйақы да төлейміз.  Балалардың ұстаздарын да моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандырған жөн, — деді мемлекет басшысы.

Яндекс.Метрика