Қазақстанның болашағы жастардың қолында

Жастарды қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Тәуелсіздік жылдарында жастарды мәдени құндылықтарға тарту бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы жастар өкілдерінің өзара жұмысын қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылдың наурыз айында «Жанғыру жолы»қозғалысы құрылды.

Жастар  қозғалысы құрылған күннен бастап барлық өңірлерден мыңдаған өреннің басын қосты. Әрбір облыс орталығында өңірлік штабтар құрылып, олардың  көшбасшылары тағайындалды.

«Жаңғыру жолы «қозғалысы — өңір жастары этностар арасындағы қарым-қатынастарды нығайту үшін өз идеяларын ұсына алатын орын. Мұнда «Step Up» еріктілер орталығы ашылды. Белсенділер мұқтаж жандарға көмек көрсету және тарихи рухани  құндылықтарды қалпына келтіру бойынша қоғамдық-бұқаралық іс-шараларға қатысады.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақында «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы өкілдерінің Президенттік кадр резервіне алуды қарастыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ олардың болашақта жауапты лауазымға тағайындалатын мүмкіндіктері бар.

Яндекс.Метрика