Ақмолалық жастар республикалық және халықаралық сайыстарға қатысуда

Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Соған сәйкес қоғамдық өмірдің барлық саласы түбегейлі өзгеруде. Әсіресе мәдениет, тіл салаларында оң бетбұрыс байқалады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арналған Жолдауында айтқан болатын

Мемлекет басшысы бүгінгі күні қазақ тілінің өрісі тым шектеліп барады деп айтуға болмайтынын жеткізді. Қазіргі кезде қазақ тілін дамытуда айтарлықтай нәтижелер бар. Мемлекеттік тілдің аясы кеңейіп, қазақ тілі, шын мәнінде, білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда.

Өз тілінде бұлбұлдай сайрап, елімізді жаһанға танытатын жастардың саны күн сайын артып келеді. Бұл үшін мемлекет те аянып қалған жоқ. Халыққа арналған жолдауда жастардың тіл білуі  мен мәдениет саласында дамуына айтарлықтай көңіл бөлінді. Мемлекет басшысы Қазақстанның мәдениеті жас дарындардың арқасында жаһандық деңгейде танылатынын айтқан еді. Әсіресе, аудан, ауылдардағы жастарды рухани жаңғырту бағыты дамып келеді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Ақмолалық жастар  республикалық, халықаралық сайыстарға қатысып, көптеген жүлделі орындарды қанжығаларына байлады. Олар әлі де дамып, алға ұмтыла бермек.

Яндекс.Метрика