Домой Новости области Ақмолалықтар да этносаралық қатынастарды дамыту белсенді іске асырылуда

Ақмолалықтар да этносаралық қатынастарды дамыту белсенді іске асырылуда

334
0

«Бірлігіміз – әралуандықта». Президент кезекті Жолдауында ел бірлігі, тұрақтылығы жайына кеңінен тоқталды. Этносаралық қатынастардың үйлесімді дамуы Қазақстанның  мемлекеттік саясатының басты бағытының бірі болған, әрдайым солай болып қала береді,-деді Мемлекет басшысы. Бұл – бекерге айтылған сөз емес. Мұндай ұстанымды қазақстандықтардың басым көпшілігі  қолдайды. Өз кезегінде ақмолалықтар да этносаралық қатынастарды дамыту белсенді іске асырылуда.

Қоғамдағы бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтау принципі — бейбітшілік пен келісімге қол жеткізуде басты рөл атқарады. Қазақстанда бүгінде азаматтардың басым көпшілігі конфессияаралық қатынастардың маңыздылығын түсінеді. Мемлекеттік билік тарапынан, өз кезегінде, тілдік, ұлттық немесе нәсілдік белгілері бойынша кемсітушілікке, ар-намысы мен абыройын кемсітуге жол берілмейді.

Қазақстанда этносаралық қатынастарды, түрлі халықтардың тілдері мен мәдениеттерін дамытуды насихаттауды Ассамблея жүзеге асырады. Оның құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық келісім кеңесі, мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау орталығы, ғылыми-сараптамалық топ, Аналар кеңесі, халықтық-қолданбалы өнер шеберлерінің одағы, журналистер клубы және жастар бірлестігі кіреді.

Бірлестік құрамындағы жастар ұйымшыл. Тың дүниелерге жаны жақын. Жоспарлары да көп. Мемлекеттік тіл мен этносаралық келісімді ілгерілету бойынша ірі жобаларды іске асырмақ. Жаз айларында «Жаңғыру жолы» қаланың тарихи атауларын тереңінен меңгеру мақсатында квест – ойындарын өткізді.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму