Домой Общество Ақмола облысының тұрғыны туған ауылына ән арнады

Ақмола облысының тұрғыны туған ауылына ән арнады

458
0

Өңірдің ауылдық елді мекендерінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны жалғасуда.  Ерейментау ауданының Торғай, Малтабар, Өлеңті, Ажы және Сілеті ауылдарында бірқатар іс-шаралар өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Іс-шара аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері мен қолөнер шеберлерінің жұмыстарының көрмелері, аудандық мәдениет үйі және ауыл өнерпаздарының қатысуымен концерттер ұйымдастырылды. Кездесуге құрметті қонақтар ретінде еңбек ардагерлері, ауыл еңбеккерлері және агроөнеркәсіп кешенінің озаттары шақырылды.

«Барлық шаралар ауылдарда қызықты және мазмұнды өтті. Тұрғындар уақыттарын көңілді өткізді, бір-бірімен әңгімелесіп, өмірдің жағымды және жарқын сәттерін еске алды. Менің ойымша, ауыл тұрғындары көптеген жағымды эмоциялар мен көтеріңкі көңіл — күйде  болды», — деді Торғай ауылдық округінің әкімі Марат Әубәкіров.

Марафонды өткізу Өлеңті ауылының 60 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Айтулы оқиғаның құрметіне ақын, әнші, композитор Сайлау Жылқыбаев туған ауылына «Өлеңтім – өлеңім» әнін арнады.  Сондай-ақ, шара аясында ауылдық кітапханада «Ұлы даланың ежелгі қолөнер көрмесі» атты арнайы көрмесі ұйымдастырылды.

«Осы жылдар ішінде ауыл тұрғындарының күнделікті еңбегінің арқасында ауыл үлкейіп келеді, барлық тұрғындарды ауылдың мерейтойымен құттықтаймын, оларға зор денсаулық пен амандық тілеймін. Біздің ауыл одан әрі гүлдене берсін», — деді ауыл тұрғыны Балтабай Хосыбаев.

«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны қазан айында облыстың ауылдық елді мекендерінде ауылдарды тұрақты дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халық шығармашылығы элементтерін сақтау және дамыту мақсатында өткізілетінін айта кеткен жөн.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму