Ақмола облысының Бұланды ауданы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі

Ақмола облысының Бұланды ауданы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Аудан ауыл шаруашылығындағы, құрылыс салаласындағы, өнеркәсіп секторындағы көрсеткіштерімен танымал. Көпшілікке белгілі Макинск құс фабрикасы шығарылатын өнім көлемін 56 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл елімізге әкелетін құс еті импортының 30% — ын ауыстыруға мүмкіндік береді.

Бұланды ауданы 1935 жылы 9 қаңтарда Қарағанды облысы Щучинск ауданының аумағы екіге бөлініп, орталығы Вознесенка ауылы болып, Макинск атауымен құрылған.  1936 жылдан бастап аудан Солтүстік Қазақстан облысының құрамына кірді. 1997 жылы Бұланды деп аталды. Ал 1999 жылдан бері Ақмола облысының құрамында.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде ауданда поршень сақиналары, май, нан, ағаш өңдеу зауыттары салынып, жұмыс істеуде. Аудан аумағы арқылы Алматы-Астана-Петропавл темір жолы және Астана-Көкшетау автомобиль жолы өтеді. 2018 жылы ауданда қуаттылығы жылына 120 мың тонна құс етін өндіретін Макинск құс фабрикасы іске қосылған болатын.

Қазіргі уақытта аймақта 36 мың тұрғын тұрады. Ауданның демографиясы жыл сайын өсіп келеді. Тәуелсіздік жылдары өңірде 2 балабақша мен 4 мектеп салынды.

Яндекс.Метрика