Өңірде мектеп оқушыларының қатысуымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Жас тарихшылар мен өлкетанушылар» форумы онлайн форматта өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Білім басқармасының баспасөз қызметі атап өткендей, іс-шара оқушыларды туған елінің тарихын зерттеуге тарту, қоғамдық белсенділікті қалыптастыру және өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін дамыту, сондай-ақ оқушылардың өлкетану және Қазақстан тарихы бойынша білімдерін кеңейту мақсатында өткізілді.
Форумға облыстың 19 ауданы мен қаласынан 60-қа жуық оқушы қатысты. Қатысушылар «Менің кіші Отанымның тарихы», «Кіші Отанымның символы» номинациялары және «Менің туған өлкем» эссе байқауы бойынша өз жобаларын таныстырды. Оқушыларды бағалау кезінде қазылар алқасының мүшелері тақырыптың толық ашылуына, идеяның бірегейлігіне, көркемдік шеберлігіне, техникалық және сапалы орындалуына назар аударды.
«Форум өте танымды өтті. Барлық қатысушылар туған өлке тарихы, өлкетану және археология бойынша қызықты жобаларды ұсынды.Осындай іс-шараға қатысу мүмкіндігі үшін ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келеді», — деді Көкшетау қаласының № 10 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Милана Подвительская.
Іс-шара соңында осы жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар қабылданды.
Облыстық форумның қорытындысы шығарылғаннан кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттау өтеді.