Өңірде бұқаралық спортты дамытуға көп көңіл бөлінеді. Бұл міндетті шешу үшін жергілікті билік өңір халқын тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Жыл сайын спорт алаңдары, стадиондар, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынып, жөнделеді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Соңғы жылдары облыста 6 ауданда дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілді, облыстың екі ауданында нысандардың құрылысы жүріп жатыр.
Егіндікөл ауданында спорт кешенінің жабық ғимараты бар, нысанның құрылысын құрылысшылар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырды. Бұл кешенде футбол, теннис, волейбол және баскетбол ойындарына арналған әмбебап алаңдар ашылады. Нысанның жалпы ауданы 648 шаршы метрді құрайды.
«Спорт кешенінде бассейн, теннис, жаттығу залы бар. Жастар спортпен шұғылдануға келеді. Осындай кешеннің құрылысы үшін және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырғаны үшін мемлекет басшылығына алғысымызды білдіреміз», — деп атап өтті аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әнуар Қасенов.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша, «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Жақсы және Ақмол ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің және Бурабай ауданының Мәдениет ауылында спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, Щучинск қаласында спорт сарайының құрылысына облыстық бюджеттен қаражат бөлінді, 12 аудан жаңа спорт алаңдарын алады. Шортанды кентіндегі стадионға күрделі жөндеу жүргізіледі.
Мамандардың айтуынша, жаңа нысандарды іске қосу ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп, жастарды спортқа баулуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, облыста 2483 спорт ғимараты жұмыс істейді, оның 70 пайызы ауылда, әр түрлі спорт түрлері бойынша секциялар жұмыс істейді.