Домой Новости области Ақмола облысында «Ауылдың жандануы» акциясы өтуде

Ақмола облысында «Ауылдың жандануы» акциясы өтуде

391
0

Өңірде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны аясында «Ауылдың жандануы» атты челлендж акциясы өткізілуде, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Іс-шара ауылдардағы саябақтарды, скверлерді, естелік орындарды тазалау және қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жүргізуге бағытталған.

Аршалы ауданында акция Ақбұлақ ауылдық округінде басталды. Аудан әкімдігінде хабарлағандай, акция округтің барлық елді мекендерінде өткізіледі. Мысалы, Ақбұлақ ауылының еріктілері Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішті абаттандырумен айналысты.

Осы акцияны еріктілермен бірге қолдаған Нұргүл Ищанова ауылының белсенді тұрғындарының қатарында.

«Әрине, тарихи ескерткіштер мен орындарды абаттандыру жыл бойы жүргізіледі. Бірақ әлеуметтік желілерде өткізілген челлендж туралы ақпаратты көріп, біз шетте қала алмадық және басқа еріктілермен бірге Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге тағы да құрмет көрсетуге, ескерткіш аумағындағы құлаған жапырақтарды алып тастауға және ағаштарды ақтауға келдік», — деп бөлісті волонтер.

Ауыл тұрғындарының бастамасын Волгодонов ауылдық округінің тұрғындары қолдады. Олар орталық алаңға шығып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге жасалған обелиск аумағын ауа-райының қолайсыздығынан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны аясында облыста бірқатар іс-шаралар өткізіледі. Олардың қатарында ауыл шаруашылық жәрмеңкелері, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмелері, еңбек ардагерлеріне, ауыл еңбеккерлеріне, ауыл шаруашылық озаттарына құрмет көрсету және басқа да іс-шаралар бар.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму