Домой Общество Ақмола облысында «Ақмола жұлдыздары» байқауы басталды

Ақмола облысында «Ақмола жұлдыздары» байқауы басталды

442
0

Аудандар мен қалаларда «Ақмола жұлдыздары» облыстық көркемөнерпаздар байқауының кезеңдері басталды. Шығармашылық мерекені Зеренді ауданының ұжымдары бірінші болып ашты. Іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Аудандық байқаудың гала-концертіне 16 ауылдық елді мекендерден өнер ұжымдары қатысты, оларға 15 шығармашылық нөмір ұсынылды.

Көрермендер әр түрлі жанрдағы бағдарламаларды тамашалап, рухани ләззатқа бөленді.

«Балдәурен» вокалдық фольклорлық ансамблі қазақ композиторларының шығармаларынан попурри орындаса, «Жалын» аспаптық ансамблі өзінің «Биле, жастық» атты жаңа шығармасымен көрермендерді қуантты.

Жаңа «Айша бибі» фольклорлық ұжымы алғаш рет сахнаға «Қоғамдық – ай» халық әнімен шықты, сондай-ақ аудандық мәдениет үйінің сахнасында «Арқа әуені» фольклорлық ансамблі, «Шежіре» халық аспаптар ансамблі, «халық» атағы бар «Зерен» би ансамблі өнер көрсетті.

Ауданның Ақылдас Семетай, Ақниет Серғазина, Жарқын Құрметхан, Еділ Жылқыбай, Аида Әбілқасым сияқты дарынды өнерпаздары көрермендер назарына жарқын және ұмытылмас әсер сыйлады.

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова қатысушыларды құттықтай отырып, облыс көркемөнерпаздар шығармашылығы дәстүрлері сақталып, дамып келе жатқан жетекші өңірлердің қатарына кіретінін атап өтті.

«Ақмола жұлдыздары» жобасы өңіріміздің көркемөнерпаз әртістеріне түрлі жанрда өз дарындарын көрсетуге, шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Байқау мәдениетті өзара байытудың, қоғамды топтастырудың, ұлттың генетикалық кодын — тілді, руханилықты, салт — дәстүрді және Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтаудың жарқын мысалы болып табылады» — деді, Айгүл Сәбитова.

Байқаудың өңірлік кезеңдерін бағалайтын қазылар алқасы Көкшетаудағы қорытынды іс-шараға қатысатын ұжымдарды анықтайды.

Айта кетейік, «Ақмола жұлдыздары» облыстық көркемөнерпаздар байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі қараша айының соңында өтеді.

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму