941 Ақмолалық жасөспірім «pfizer» вакцинасының бірінші компонентін алды

Балаларды, жүкті және бала емізетін әйелдерді «Файзер» компонентімен вакцинациялау жалғасын табуда. Естеріңізге салсақ, аталмыш вацина біздің өңірге 25-қараша жеткізілген болатын. Осы уақыт аралғыында файзер вакцинасын қанша адам алды?

Коронавирус пандемиясының басталғанына 1,5 жыл өтті. Бірақ, кейбір тұрғындар екпе алудың маңыздылығына әлі де мән бермей жүр. Файзер вакцинасының пайда болуымен кереғар пікірлер де шығып жатыр. Ақмола облысы бойынша вакцина алатын 12 мен 17 жас аралығындағы 47 мың жасөспірім бар. Жүкті әйелдер 4160 болса, 14 945 ана бала емізетіндер санатында.

Пандемия басталғалы Ақмола облысында 4 мыңнан астам балада COVID-19 анықталған. Олардың 600і жұқпалы аурулар стационарында ем алса, бесеуі жансақтау бөлімшесіне жатқызылған. Өкінішке орай, екеуі көз жұмды. Сондықтан, жасөспірімдерді вакцинациялау өте өзекті мәселе.

Мамандар, халыққа вакцинация туралы дұрыс ақпарат тарамай жатыр деген пікірде. Ол аздай, антиваксерлердің теріс әрекеттері де тұрғындардың екпе алуына кері әсерін тигізуде. Бірақ, әр азаматтың өзінің және баласының өміріне жауапты екендігін ұмытпағаны абзал.

Яндекс.Метрика