88 студент жас мемлекеттік қызметшілері мектебіне қабылданды

Мектептің миссиясы — келешегі зор әрі талантты жастар арасынан болашақ кандидаттарды мемлекеттік қызметке даярлау. Студенттер осы мектеп арқылы университет қабырғасында жүріп тәжірибеден өтіп, болашақ жұмыс орнын таңдауға мүмкіндік алады.

Мектептің жұмысыа лғаш 2018 жылы басталған. Содан бері 205 студент аяқтаған. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарының алдында бәсекеге қабілетті,кәсіби білікті маман даярлау міндеті тұр. Университет ректоры Сағынтай Елубаев одан әрі жұмысқа орналасудың тамаша мүмкіндігі екенін атап өтті.

Мектептің оқу кестесіне сәйкес сабақтар 23 қарашадан басталады. Оқуды сәтті өткен студенттер сертификатқа ие болады.

Яндекс.Метрика