2022 жылдың қаңтар айынан бастап 1-сынып оқушыларына «Цифрлық сауаттылық» пәні енгізіледі. Мақсат – балдырғандарды смартфондар мен компьютерді тиімді пайдалануға үйрету.
Интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелері,ақпараттық гигиена тақырыптары. Мұның барлығы жаңа пәннің оқу бағдарламасында қамтылған. Сарапшылардың пайымынша, цифрлық сауаттылық бүгінде есеп пен жазу сынды негізгі дағдыға айналуы тиіс.
Оқушыларға сапалы білім беру үшін сала мамандары арнайы дайындықтан өтіп жатыр. Кітаппен жасақтау үшін облыстық бюджеттен 25 миллион теңге бөлінген. Бүгінде халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі 76,2 процентті құрайды. Ал толық нәтижеге жету үшін біраз уақыт қажет.