№2 мектеп-гимназиясында «Дәстүр заман ағымында» атты ұлттық киімдер конкурсы өтті

Мода – бұрын ұмыт болған стильді жаңарту деп жатады. Қазір қазақ қоғамында  ұлттық нақыштағы киімдерді кию сәнге айналып келеді. Осы ретте, №2 мектеп-гимназиясының мұрындық болуымен «Дәстүр заман ағымында» атты ұлттық киімдер конкурсы өтті.

Кимешек, жаулық, камзол, тақия – қазақ қыздарының бас киімдері.  Қазақтың ұлттық киімдері қашаннан әспетті материал, түрлі пішімдерімен ерекшеленеді. Қазақ халқының ұлттық киімдерін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған сайысқа  8-11 сынып оқушылары қатысты.

Әр қатысушы ұлттық киімнің әр түрін таныстырды. Жаңа өң берген киімдердң тарихын баяндады

Сайыс қорытындысы бойынша, 8 сынып оқушысы Жансұлу Сағит бас жүлде, Меруерт Апеисова 1 орынды иеленді. 2 орынға Камила Мұхамедрахим, 3-орынға Әмина Дүзбаева лайық деп танылды.

Яндекс.Метрика