Әзірбайжан азаматы жолда қалып, қостанайлық құтқарушылардан көмек сұрады

Әзірбайжан азаматы жолда қалып, қостанайлық құтқарушылардан көмек сұрады

593 rob

Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында сағат Қостанай облысы ТЖД Қамысты ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері Алтынсары ауылы мен Свободное ауылы арасында жүк фурасы бұзылып, шұғыл эвакуациялау қажет екендігі жайлы хабарлама алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шақыру орнына Қамысты ауданы ТЖБ бастығы және бөлімнің аға инженері келді. 80 шақырым жолды жүріп өтіп өтіп, олар Алтынсары ауылынан 9 шақырым жерде «VOLVO» маркалы ауыр жүк көлігін тапты.

Әзірбайжан азаматы жүк көлігімен Астана қаласына навигатормен бара жатқан екен. Қашықтықты қысқарту үшін жүргізуші Қамысты ауданының аумағындағы дала жолымен жүруге шешім қабылдады.

Алайда, жолда дизельді қозғалтқыш температураның төмендеуіне сезімтал болып шықты, сондықтан көлік далада тоқтап қалды.

Құтқарушылар тоңған жүргізушіні Алтынсары ауылына жеткізіп, оны жергілікті жатақхананың жылыту пунктіне орналастырды, онда оған қауіпсіз жатақхана ұйымдастырылды.

Қостанай облысының ТЖД азаматтарды қысқы автожолдарда өте сақ болуға шақырады. Жеке қауіпсіздік мақсатында қолайсыз метеожағдайлар кезінде алыс сапарларға шықпау керек. құтқару қызметінің «112» бірыңғай нөмірін есте сақтаңыз!

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика