Зейнетақы активтері Қазақстанның дамуына қалай ықпал етеді

Зейнетақы активтері Қазақстанның дамуына қалай ықпал етеді

206 rob

Фотосурет: Үкіметінің Баспасөз қызметі

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ірі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға БЖЗҚ-дан қаражат бөлу мүмкіндігі туралы пікірін айтты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған сұраққа Үкімет басшысы ҚР Парламенті Сенатының отырысынан кейін өткен брифинг барысында жауап берді.

Премьер-Министрдің айтуынша, БЖЗҚ-ның негізгі міндеті – қазақстандықтардың зейнетақы активтерінің сақталуын және арттыра түсуін қамтамасыз ету. Ол үшін тиісті инвестициялық стратегия қабылданды.

«Салымшылардың активтерін кіріс әкелетін қандай да бір құралдарға қаражат салу арқылы көбейтуге болады. Бұл ретте процесті нарықтық мөлшерлемелер бойынша және қайтарымды негізде орындауға мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта Үкімет қаржыландыруды қажет ететін индустрияландыру, көлік, инфрақұрылым салаларындағы ірі жобаларды қарастыруда. Біз әртүрлі көздерді, соның ішінде БЖЗҚ қаражатын да қарастырып отырмыз» Әлихан Смайылов

Үкімет басшысы бұл мәселе бұрын Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияда талқыланып, қолдау тапқанын айтты. Әңгіме 1,5 трлн теңге туралы болып отыр.

«Қазіргі уақытта біз Ұлттық банкпен бірлесіп, қаражат тарту шарттары бойынша мәселелерді пысықтап жатырмыз. Үкіметтің борыштық міндеттемелерін орындау аясында қаржы қайтарылатын болады» Әлихан Смайылов

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика