221 rob
Фотосурет: Алматы қаласының әкімдігі
Республика бойынша 64 мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары «Үздік педагог» атағына ие болды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Топ жарғандардың арасында Алматы қаласының 6 ұстазы бар:
- «Ш.Уәлиханов атындағы № 12 мамандандырылған гимназия» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Дусимбаева Мөлдір Үсенқызы
- «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» КММ тарих пәнінің мұғалімі — Сағынғалиев Дәурен Наурызбайұлы
- «Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі» өндірістік оқыту шебері — Маметаева Гүлжан Әбілдайқызы
- «Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы — Темірбекова Айжан Болатқызы
- «Алматы сән және дизайн колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері — Әубәкірова Жанаркүл Бердікожақызы
- «Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі» МКҚК арнайы пәндер оқытушысы — Серікханова Ақбота Берікханқызы
Республиканың үздік педагогтарын ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев марапаттады. Жеңімпаздарға «Үздік педагог» төсбелгісін және 3 450 000 (1000 АЕК) көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.
Айта кетейік, «Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар ұстаздар үміткер бола алады. Байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері қатысты.
«Үздік педагог» конкурсы 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Осы күнге дейін 624 педагог үздік деп танылып, олардың әрқайсысына мемлекеттік қолдау ретінде 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы беріледі.
Биыл конкурсқа қатысу үшін барлығы 961 өтінім берілді. Конкурсты өткізу рәсімінің өзі автоматтандырылған және ашық түрде өтті. Республикалық конкурстық комиссияның құрамына үкіметтік емес ұйымдар, ата-аналар қауымының өкілдері, журналистер, белсенді педагогтер, Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының өкілдері және т. б. кірді.
Источник: qazaq.asia