292 Awrora
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы жайлы айтып берді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Құжат 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаудың нәтижесінде әзірленді.
«2021 жылғы 15 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы жастарға байланысты ұсыныстарды нақтылаған болатын. Заң жобасы көпшілікпен талқыланды, көптеген дөңгелек үстелдер өтті. Сарапшылармен, халықаралық мамандармен жан-жақты талқыланып, дайындалды. Жалпы, Заң мемлекеттік жастар саясаты саласын жетілдіруге, қоғамдық қатынастарды кешенді реттеудің тиімді құқықтық негізін қалыптастыруға, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жастардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Заңда жастардың даму индексі; жастардың әлеуметтік қызметтері; уақытша құрылмаған жастар, жастармен жұмыс жөніндегі маман, жастардың еңбек жасақтары ұғымдарын заңнамалық бекіту ұсынылды» Данияр Қадыров
Источник: qazaq.asia