Қызылордада әуежайдың жаңа терминалы 2024 жылы пайдалануға беріледі Кеше, 10:09

Қызылордада әуежайдың жаңа терминалы 2024 жылы пайдалануға беріледі
Кеше, 10:09

Қызылордада Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалы салынуда. Нысан іске қосылғаннан кейін жолаушыларға қызмет көрсету көлемі ұлғайып, жаңа халықаралық

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Қызылордада Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалы салынуда. Нысан іске қосылғаннан кейін жолаушыларға қызмет көрсету көлемі ұлғайып, жаңа халықаралық рейстер ашу мүмкіндігі пайда болмақ. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

«Жоба құны 20 млрд теңгені құрайды. Оның 15 млрд 700 млн теңгесі Болат Өтемұратов қорынан бөлінген. Жергілікті бюджеттен 4 млрд 300 млн теңге инфрақұрылымды дамытуға, абаттандыруға, яғни жылу, су, электр, және кәріз желілері, телефон, автожол, абаттандыру жұмыстарына бағытталды», — деді аймақ басшысы.

Жаңа терминал келер жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Айта кетейік, қазіргі әуежай жылына 137 мың адамға қызмет көрсетсе, жаңа терминал іске қосылғаннан кейін 220 мың жолаушыны қабылдай алады. Ал жүк тасымалдау көлемі 150 тоннадан 240 тоннаға дейін ұлғаймақ. Жалпы алаңы 7500 шаршы метр болатын әуежайда телескопиялық трап, жолаушыларға, оның ішінде қозғалыс қабілеті шектеулі азаматтарға ыңғайлы болу үшін эскалаторлар мен лифттер қарастырылмақ.

Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған материал

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика