Қызылордада Ұлттық ұланның әскери қызметшілері балаларға тәттілер таратты

Қызылордада Ұлттық ұланның әскери қызметшілері балаларға тәттілер таратты

284 Awrora

Фотосурет: Ұлттық ұлан

Жаңа жыл күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылына арнайы барып тәрбиеленушілерді жаңа жыл мерекесімен құттықтап, балаларға тәттілер таратты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қонақтарды қарсы алған барлық тәрбиеленушілердің қуанышында шек жоқ. Иә, бала қуанса, әлем қуанады. Олар­дың қуаныштан бал-бұл жанған жүзін көру үшін ешқандай еңбек те, жақсылық та ар­тық­ етпейді. Өйткені бала – бауыр етің, жүрегіңнің бөлшегі, көңілдің нұры, көз­дің қуа­нышы, өміріңнің жалғасы.

Балалар ауылына үнемі қолдау көрсетіп, демеушілік жасап жүрген, шырша мерекесінде де жаңа жылдық тәттілер сыйға тартқан дархан көңіл, жомарт жүректі қамқоршы ағаларына бүлдіршіндер кезектесіп алғыстарын білдірді.

«Бүгінгі мереке бәрімізге ортақ, себебі бала қуанса, бәріміз қуанамыз. Балалар аман болсын, денсаулығы мықты болсын! Балалардың жолы ашық болып, ойлаған армандарына жетсін»  Білдірді бақылаушылар взводының аға бақылаушысы ефрейтор Жасұлан Бақтияр

Мереке сайын балаларды қуантуға асығатын 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының басшылығы алғысын айтып, қызметтеріне табыс тіледі.

Шара соңында балалар үйінің ауласындағы жасыл шырша қасында ұландық әскери қызметшілер тәрбиеленушілермен естелікке суретке түсті.​​​​

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика