173 rob
Фотосурет: Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Шаһардағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген Ұлттық ұланның Сыр елінде орналасқан 5547 әскери бөлімінің жауынгерлері қырағылық танытып, өзімен пышақ алып жүрген азаматты құрықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.
18 қараша кешкі сағат 20.00 шамасында құқықтық тәртіп әскерінің әскери жасақ бастығы кіші сержант Талғат Үсенов патрульшілері қатардағы Эдуард Паскаль және Дильмурат Кудратұлымен бірге өздеріне бекітілген ауданда қала тыныштығын қамтамасыз етіп жүреді.
Ұландық жауынгерлер қызмет атқару барысында әскерилерді көріп, жасырынып қалмақшы болған күдікті ер азаматты байқайды. Әскери жасақ сезік тудырған адамның құжаттарын тексеру үшін тоқтатып, өздерін таныстырады. Күдікті азамат тәртіп сақшыларының талабын орындамай сытылып кетуге тырысады. Әскери жасақ жеке құрамы қашпақ болған ер адамның адымын аштырған жоқ. Топ басшысы кіші сержант Талғат Үсенов оның құжаттары мен жеке заттарын тексеру барысында күртешесінің қалтасынан жиналмалы пышақ табылған.
Ұландықтар оқиғаны дереу әскери жасақ кезекшісі лейтенант Ерікбол Болатбекұлы баяндап, күдіктіні полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталуда.
Источник: qazaq.asia