333 rob
Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменовтің айтуынша, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында облыс орталығында заманауи үлгідегі 8 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның бесеуінің құрылысы биыл басталады, деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігінің сайты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Атап айтқанда:
- Жезқазған трассасы бойынан 600 орындық мектеп;
- сол жағалауда 400 орындық 300 орындық жатақханасымен физика-математикалық мектеп-интернаты;
- сол жағалауда 900 орындық мектеп;
- Арай мөлтек ауданында 2000 орындық мектеп;
- КБИ мөлтек ауданында 600 орындық мектеп;
- СПМК 70 мөлтек ауданында 2000 орындық мектеп;
- Қызылжарма ауылдық округінде 900 орындық мектеп салынады.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласында №2 мектеп жанынан қосымша 550 орындық, №1 мектеп жанынан 375 орындық, № 264 мектеп жанынан 550 орындық және №3 мектеп-гимназия жанына 375 орындық қосымша ғимарат салынады.
Источник: qazaq.asia