196 rob
Фотосурет: Gov
2023 жылғы 23 қарашада елімізде «Қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау» тақырыбында «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Оқу-жаттығу 2023 жылғы 23-24 қараша аралығында Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.
Оқу-жаттығуды басқару штабы Петропавлск қаласында орналасқан.
«Қыс-2023» оқу-жаттығуы шеңберінде 23-24 қарашада республика бойынша ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізілетін болады.
«Қыс-2023» РКШО барысында ел өңірлерінде электр сиреналарын іске қоса отырып, құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілетін болады. Бұл іс-шара халыққа «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін дағдыландыру мақсатында өткізіледі. Осыған байланысты тыныштықты сақтап, дүрбелеңге түспеуіңізді сұраймыз.
Источник: qazaq.asia