193 rob
Фотосурет: Абай облысы ТЖД
Семей қаласы әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның жоспарлы отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Отырыс барысында 2023-2024 жж. қысқы кезеңде жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарын күшейту және тіршілік объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, ауа-райының нашарлауы кезінде қаланың шұғыл қызметтерінің жедел ден қоюын, әуесқой балықшылардың өзендер мен көлдердегі қауіпсіздік шараларын сақтауын, жол техникасының қысқы кезеңге дайындығын қамтамасыз ету мәселелері де пысықталды.
Қазіргі таңда қала әкімінің тапсырмасымен әлеуметтік аз қамтылған отбасылар тұратын жеке тұрғын үйлер мен саяжайларда орнату үшін 4355 дана улы газды анықтау құрылғылары (датчик) сатып алу байқауының қортындысы жеңімпаз атанған астаналық мекеме датчиктерді жақын арада Семей қаласына жеткізеді.
Отырыста қала әкімі жатақханалар мен хостелдердің заңдылығын тексеру, олардағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қадағалауды тапсырды.
Источник: qazaq.asia