Ғылыми-практикалық конференция: елордада оңалту және курортологияны дамыту мәселелері талқыланады

Ғылыми-практикалық конференция: елордада оңалту және курортологияны дамыту мәселелері талқыланады

166 rob

Фотосурет: ҚР ЕХӘҚМ

Елордада «Реабилитология мен курортологияның басым бағыттары» атты мерейтойлық X Республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысын бастады. Екі күнге жалғасатын конференция аясында отандық және шетелдік сарапшылар проблемалық мәселелерді және мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың заманауи тәсілдерін талқылайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) Әлеуметтік оңалту саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығымен және «Реабилитологтар мен курортологтар қауымдастығы» ҚБ бірлесіп ұйымдастырды.

Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, жетекші оңалту орталықтарының, санаторийлік-курорттық мекемелердің мамандары, медициналық және мамандандырылған жабдықтарды өндіруші фирмалар, фармацевтикалық компаниялар, әртүрлі елдердің, соның ішінде Ұлыбританияның, Германияның, Ресейдің денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері қатысты.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов құттықтау сөз сөйледі. Ол медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік-экономикалық салалардағы оңалту мәселелерінде келісілген күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.

«Еңбекмині мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және оларды әлеуметтік оңалтуды ұсыну арқылы қоғамға ықпалдастыру үшін жүйелі шаралар қабылдауда. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мүгедектігі бар адамдарға арналған 12 әлеуметтік оңалту орталығы салынуда, Еліміздің 8 өңірінде аутизм спектрі бұзылған және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған күндізгі болу орталықтары ашылуда, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жоғары технологиялық оңалту құралдарымен қамтамасыз ететін «Мүгедектігі бар балаларды үйде оңалту» жобасы іске қосылуда. «Мүгедектігі бар балаларды үйде оңалту» жобасын іске асыру қорытындысы бойынша оңалту құралдарының жаңа түрлерін енгізе отырып, техникалық оңалту құралдарының жіктеуішін қайта қарау жоспарлануда», – деді Ербол Оспанов.

Вице-министрдің айтуынша, бұдан бөлек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мүгедектігі бар адамдарды оңалту мақсатында Цифрлық күнделік енгізілетін болады.

Конференцияның негізгі мәселелері: оңалтуда жұмыс істеудің, тыныс-тіршіліктің және денсаулықтың шектеулерінің халықаралық жіктемесін қолдану; оңалтудың инновациялық әдістері; неврологиялық мүгедектік аурулары және оларды жүргізу тактикасы; адамның жұмыс істеуіндегі оңалтудың техникалық құралдарының рөлі және оларды іріктеу болып табылады.

Іс-шара барысында өңірлерден келген мамандар үшін шетелдік сарапшылардың оқыту семинарлары мен тренингтерін өткізу жоспарлануда.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика