191 rob
Фотосурет: ҚР Малайзиядағы Елшілігі
Қазақстан Елшілігінде Куала-Лумпур мен Алматы арасында «Air Asia Х» компаниясының тікелей рейстерінің іске қосылуын жариялау салтанаты өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
2024 жылдың 14 наурызынан бастап Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі лоукостер аптасына төрт Алматыға ұшатын болады.
Салтанатты рәсімге «Air Asia» компаниясы кіретін «Сapital А» холдингінің басшылығы, сондай-ақ «Tourism Malaysia» агенттігінің өкілі И.Мырза, іскер топтар, БАҚ өкілдері мен туристік операторлар қатысты.
«Capital А» бас директоры Тони Фернандес Қазақстанның басқа елдерге жаңа «көкжиектер» ашатын ірі өңірлік хаб ретіндегі ерекше рөлін атап өтті, өйткені Қазақстан мыңдаған жылдар бұрынғыдай Шығыс пен Батысты байланыстыратын ел.
«Елдеріміздің ірі қалалары арасындағы тікелей әуе қатынасы бизнес, білім, туризм және мәдениет саласындағы байланыстарды айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік береді. «Air Asia» компаниясының қамту географиясын ескере отырып, бұл жоба Алматы мен Куала-Лумпурдың орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияның өңірлік хабтары ретіндегі рөлін кеңейтеді, – деді Қазақстан Елшісі Болат Сүгірбаев.
«Capital А» холдингі авиатасымалдар, логистика, қонақ үй бизнесі, автокөлік қызметтері, онлайн-банкинг, авиабилеттер мен туристік пакеттерді сатуға арналған платформаны қамтитын әртараптандырылған портфельге ие. «AirAsia» әлемнің 25 елінің 165 қаласына тұрақты рейстерді жүзеге асыратын Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі бюджеттік әуекомпаниясы.
Источник: qazaq.asia