Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Екібастұз бен Риддер қалаларының коммуналдық қызметтерінің тарифтерін өзгерту мәселесі келісіліп
- АВТОР
- Дина Шарипханова Корреспондент
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Екібастұз бен Риддер қалаларының коммуналдық қызметтерінің тарифтерін өзгерту мәселесі келісіліп жатқанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, тарифтердің өсуі нақты монополия субъектісіне және желілердің тозуына байланысты болады. Оның айтуынша, инженерлік желілерді жөндеу және жаңғырту қажеттілігі көбінесе Екібастұз бен Риддерде байқалады.
«Екібастұз ЖЭО-сы өтініш берді, олар тарифті 107 пайызға көтеруді сұрады. Біз мұнымен келісе алмаймыз және бұл туралы нақты айттық. Өсім төрт есе аз болатын шығар. Біріншіден, Екібастұз ЖЭО-да, меншік иесінің өзі жауап беруі керек. Бір бөлігін бюджеттен, бір бөлігін тұрғындардан алады. Екібастұзда жүйенің әбден тозығы жеткен. Олар екі еседен аса өсім туралы айтты, бірақ біз басқа механизмдер арқылы ұстап тұрмыз. Бұған мысал – Екібастұз бен Риддер», – деді Әлібек Қуантыров.
Министрдің айтуынша, ведомства келісім берген кезде бұл қалалардың тұрғындары жаңартылған тариф бойынша шот алады. Мүмкін, бұл 2023 жылдың сәуірінде басталуы мүмкін.
«Біз мұны өте байыпты жасағымыз келеді, мысалы, жылуға қатысты 1 наурыздан немесе 1 сәуірден бастап. Наурызда ауа температурасы жоғары болады, сәйкесінше жылуды пайдалану аз болады. Осылайша, сәуірде бір ай немесе жарты ай ғана төлеп көруі үшін. Содан кейін тариф тек келесі қысқы кезеңде басталады», — деп түйіндеді сөзін министр.
Бұл ретте Қуантыров әр өңірде өсім әр түрлі – 10 немесе 25 пайыз болатынын атап өтті. Едәуір өсім Риддер мен Екібастұзда күтіледі, өйткені жүйенің ең көп тозуы байқалады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia