ВАК Әділет министрлігінде: ҚР заңнамасына өзгерістер енгізу

ВАК Әділет министрлігінде: ҚР заңнамасына өзгерістер енгізу

405 Awrora

Фотосурет: Gov

ҚР Әділет министрі Азамат Есқараевтың төрағалығымен заң шығару қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отырысқа ҚР Парламентінің депутатттары мен мемлекеттік орган өкілдері қатысып бірқатар мәселелерді талқылады.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» келесі жобалар қаралды:

  • әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша
  • ҚР кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
  • бәсекелестік мәселелері бойынша

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Азамат Есқараев заң жобаларын әзірлеуге қатысты мәселелерді талқылауға белсенді қатысқандары үшін комиссия мүшелеріне алғысын білдірді. Тиімді заң шығару қызметін қамтамасыз ету үшін, осы бағытта жұмыс жасау қажеттілігін айтты.

Ведомствоаралық комиссия заңнамалық актілердің жобаларды талқылай отырып, елдің дамуы мен азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуде тиімді қызметтерін жалғастыратын болады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика