Юрий Ильин Түркістан облысында әуеден барлау жұмыстарын жүргізді

Юрий Ильин Түркістан облысында әуеден барлау жұмыстарын жүргізді

411 Awrora

Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай және мүдделі ұйымдардың өкілдері Түркістан облысында әуеден барлау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әуеден барлау жұмыстары барысында Сауран ауданының аумағында, Қаратау беткейінде және Сырдария мен Арыс өзендерінің бойында бұған дейін су басқан елді мекендерге аэровизуалды шолу жүргізді.

Әуеден барлау жұмыстарынан кейін министр жергілікті атқарушы органдармен және су шаруашылығы мекемелерімен кеңес өткізді, онда ағымдағы жағдайдың тұрақтанғаны және қалыптасқан метеорологиялық жағдай негізінде қажетті алдын алу шараларын қабылдау мәселелері талқыланды.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, ешқандай қауіп жоқ.

Сонымен қатар, құтқару бөлімшелері атқарушы органдармен бірлесіп қосымша алдын алу шараларын қабылдауда.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика