425 rob
Құтқарушылар мен ЖАО тәулік бойы жұмысты жалғастыруда. 200-ден астам адам және 800-ге жуық ірі қара мал эвакуацияланды. Инертті материалдары бар 13 мыңнан астам қап төселді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚР ТЖМ Telegram-арнасы.
Жағдайдың күрделенуіне жол бермеу және оның салдарымен жедел күресу тапсырылды.
Бірлескен күшпен Майдантал ауылын су басуға жол берілмеді.
Түркістан облысында жаңбыр тоқтады. Алайда су ағыны жалғасуда. Синоптиктердің болжамдары да көңіл көншітпейді.
Жағдай ерекше бақылауда.
Республикалық және облыстық жедел штабтар, «жедел желі» жұмыс істейді.
Источник: qazaq.asia