219 Awrora
Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі
Жаңа жыл қарсаңында 15701 әскери бөлімінің басшылық құрамы Аягөз қаласында тұратын тыл ардагері Мұғұл Коңырқұлжанованы мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жылына бір келетін мерейлі мейрам күні әскери ұжым Аягөздік қарт ананың жанын жадыратып құттықтап, кезекті мәрте марқайтып қайтты. Елі үшін еткен еңбегінің жемісін бүгін көріп отырған зейнеткердің бұл басқосудан біраз демалып, бір жасап қалғаны сөзсіз.
Сексеннің сеңгіріне шығып шаңырағында немере-шөберелерін бағып отырған кейуана келген қонақтарға кешегі өткен батыр ағаларымыздың ерліктерін өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болуы керек екендігін жеткізуді тілге тиек етті.
«Қарт адамдарға біздің назарымыз қажет. Олар өздері бастан кешкен оқиғаларын айтып, әрқашан әскерилерді қуанышпен қарсы алады. Біз олармен әрдайым байланыстамыз. Әрқашан көмектесіп, назардан бір сәт тыс қалдырмаймыз» 15701 әскери бөлім командирі полковник Ұран Абуталимов
Өз кезегінде еңбек ардагері Мұғұл Коңырқұлжанова бейбіт өмірдің қандай қиыншылықтармен келгені туралы естеліктерімен бөлісті. Қазір халықтың жағдайы жақсы екенін айтып және бейбіт күнге шүкіршілігін ету керек екендігін жеткізді. Құрмет көрсеткен әскери бөлім басшылығына алғыс білдіріп, батасын берді. Мереке қарсаңында құрметке бөленген ардагер өз ризашылығын білдіріп, рақмет айтты.
Источник: qazaq.asia