Тоқаев Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісін қабылдады Кеше, 12:38

Тоқаев Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісін қабылдады
Кеше, 12:38

Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускасты қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускасты қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынастардың басым бағыттары қарастырылды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропа Одағымен стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейілділігін, сондай-ақ еліміздің бастамасымен қолға алынған С5+ЕО форматы аясындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге ниетті екенін растады.

Президент саяси реформалардың табысты жүзеге асырылып жатқаны туралы айтып, демократияны нығайту ісінде Қазақстанды қолдағаны үшін Еуропа Одағына ризашылығын білдірді.

Кездесу барысында аса маңызды шикізат материалдары, «жасыл» экономикалық өсім, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастыққа ерекше назар аударылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика