Тоқаев қазақ тілін қолдау қорына жеке қаражатынан 7 миллион теңге аударды Кеше, 10:59

Тоқаев қазақ тілін қолдау қорына жеке қаражатынан 7 миллион теңге аударды
Кеше, 10:59

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін қолдауға арналған QAZAQ TILI Endowment Qory эндаумент-қорына алғашқы болып жеке жарна аударды. Бұл

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін қолдауға арналған QAZAQ TILI Endowment Qory эндаумент-қорына алғашқы болып жеке жарна аударды. Бұл туралы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжехан мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұйым басшысының айтуынша, Президенттің жеке қаражаты есебінен қосқан жарнасы — 7 миллион теңге.

«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа ана тілімізге деген адал азаматтық ұстанымы, көрсеткен зор құрметі, жеке үлгісі үшін алғыс білдіреміз!», — деп жазды ол.

«Қазақ тілі» қоғамының президенті 12 қазанда Президенттің қабылдауында мемлекеттік тілді дамытуға арналған эндаумент қорын құруды ұсынғанын айтты.

Бұл қордың басты міндеті – мемлекеттік тілді қолдау және дамытумен айналысатын еліміздегі ең ірі ұйым – «Қазақ тілі» қоғамының тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету.

Эндаумент қорының ерекшелігі – қорға жиналған қаржы жұмсалмайды. Қордағы қаражат басқаруға беріледі және инвестицияға құйылады. Инвестициялық қызметінен түскен табыс «Қазақ тілі» қоғамының жарғылық міндеттеріне жұмсалады.

QAZAQ TILI Endowment қорын беделді қоғам қайраткерлері, ғалым-лингвистер мен мемлекет өкілдерінен құралған тәуелсіз қамқоршылар кеңесі бақылайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика