Тоқаев Ақтөбе драма театрына жаңа ғимарат салуды тапсырды

Тоқаев Ақтөбе драма театрына жаңа ғимарат салуды тапсырды

182 rob

Фотосурет: Akorda

Мемлекет басшысы, ең алдымен, Тахауи Ахтанов пен Қуандық Шаңғытбаевтың ескерткіштеріне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге жұмыс сапары аясында Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының жұмысымен танысты. Мемлекет басшысы бүгінде халықтың театрға қызығушылығы артып келе жатқанына тоқталды. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев өнер ордасы ғимаратының тозғанын айтып, облыс әкіміне жаңа театр салуды тапсырды.

Президент облыс жұртшылығы өкілдерімен әңгімелесу барысында елімізде заң үстемдігін сақтау және ұрпақ тәрбиесіне баса мән беру керек екенін атап өтті.

Мен қай жерге барсам да заңның үстемдігі туралы айтып жүрмін. Бұл – өте маңызды. Олай болмаса, табысты мемлекет құра алмаймыз. Жастармен кездескен сайын оларды еңбекқор, тәртіпті болуға шақырамын. Жалпы жастарды тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлуіміз керек. Қазақстанды дамыту – халықтың, мемлекеттің шаруасы Қасым-Жомарт Тоқаев

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Ақтөбе облысын көркейтуге елеулі үлес қосып жүрген түрлі саланың өкілдеріне ризашылығын білдірді. 

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика