Өткен тәулікте Ақтөбе облысында 3 авариялық-құтқару жұмысы жүргізілді

Өткен тәулікте Ақтөбе облысында 3 авариялық-құтқару жұмысы жүргізілді

299 rob

Ағымдағы жылғы 06 қаңтар күні сағат 22.30-да Қарғалы ауданында Бадамша ауылынан 7 шақырым жерде «Позитив»ЖШС жұмысшылары қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына құтқарушылар жіберіліп, 4 жұмысшы құтқарылып, Бадамша ауылына жеткізілді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады, деп хабарлайды DKNews.kz.

06 қаңтар 23 сағат 30 минутта «Самара-Шымкент» тас жолы Қобда ауылынан 80 шақырым қашықтықта жол көлік оқиғасы орын алғаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Құтқарушылар 1 адамды құтқарып, Қобда ауылына жеткізді. Зардап шеккендер жоқ.

Одан әрі, 6 қаңтар күні Хромтау ауданы Абай ауылдық округінің аумағында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып койғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Окиға орнына 3 адам, 1 бірлік техника (Трэкол) жұмылдырылды. Құтқарушылар 5 адамды, оның ішінде 3 баланы қар құрсауынан құтқарып, Хромтау қаласына жеткізді. Зардап шеккендер жоқ.

Ақтөбе облысының ТЖ департаменті азаматтарға ауа-райының өзгеруін қадағалауды, ауа-райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпауды ұсынады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика