Өткен демалыс күндері Ұлытау облысында қар құрсауынан 12 адам құтқарылып, эвакуацияланды

Өткен демалыс күндері Ұлытау облысында қар құрсауынан 12 адам құтқарылып, эвакуацияланды

165 rob

Облыста қар құрсауынан 12 адам құтқарылып, жақын елді мекендерге жеткізілді, оның ішінде 2 бала. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болмады. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖД-ның 26 қызметкері, жергілікті атқарушы органдар мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары және 7 бірлік техника жұмылдырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазіргі уақытта 2 адамды іздестіру жалғасуда, іздестіруге Ұлытау облысы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың 25 адам және 8 бірлік техника күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Халықты ескерту мақсатында абоненттерге ауа-райының нашарлауы туралы 229629 СМС-хабарлама жіберілді және «Дармен» мобильді қосымшасы арқылы дауылды ескерту бойынша 3 хабарлама, жолдардың жабылуы бойынша 2 хабарлама жіберілді.

Ұлытау облысының ТЖД ауа-райын бақылауды және елді мекендерден тыс жерлерге шұғыл қажеттіліксіз бармауды ескертеді. Жолдарда ауа-райы қиын болған жағдайда құтқару қызметінің «112»нөміріне қоңырау шалыңыз.

Қазіргі уақытта ауа райы жағдайларының нашарлауына байланысты Жезқазған-Петропавл тас жолы, Сәтбаев-Жезді, Жезді — Қостанай облысы шекарасы жолдарының учаскесі жабық.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика