Домой Қазақша ТЖМ тәулік бойы қызметі: тәулігіне 357 адам құтқарылды

ТЖМ тәулік бойы қызметі: тәулігіне 357 адам құтқарылды

11
0

ТЖМ тәулік бойы қызметі: тәулігіне 357 адам құтқарылды

192 Awrora

Фотосурет: Gov

Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 177 шығу жасады, оның 82-сі өрттер мен жану оқиғаларына, 95-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға. Бұл ретте 357 адам, оның ішінде 39 бала құтқарылып эвакуацияланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қарағанды облысының автожолдарында ТЖД құтқарушылары қар құрсауында қалған автокөліктерден 20 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды. Сонымен қатар, ТЖМ 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен және полициямен бірлесіп блокпосттардың жабық пункттерінен жақын маңдағы елді мекендер мен жол бойындағы кемпингтерге 287 адам, оның ішінде 29 бала эвакуацияланды.

Облыстық маңызы бар «Курчатов – Семей» автожолында көлік қозғалысының жабылуына байланысты Абай облысы ТЖД күштері 5 адам, оның ішінде 1 бала уақытша орналастыру пунктіне бірге жүріп барды. Семей қаласында ТЖД құтқарушылары Шүлбі су қоймасында автокөлікпен мұз астына түсіп кеткен 2 балықшыны құтқарды. Құтқарылғандар Семей қаласына жеткізілді.

Жетісу облысының Алакөл ауданында «Үшарал-Достық» автожолының 130 км Жалаңашкөл учаскесінде ТЖД күшімен қар құрсауында қалған екі жеңіл автокөліктен 3 адам құтқарылып, Достық станциясына жеткізілді.

Ақмола облысы Аршалы ауданы Түрген ауылына жақын жерде іздестіру-құтұару жұмыстары жүргізілді. Екі ер адам атпен мал іздеп шығып, жоғалып кеткен. Іздеу тобы жоғалған адамдарды Түрген ауылынан 15 км қашықтықта тапты

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, полиция бөлімінің, жергілікті тұрғындардың күшімен 2 қаңтарда «Бекше» қыстағынан Ынтымақ ауылына қарай шығып, жоғалып кеткен ер адамды іздеу жүргізілді. Іздеу тобы жоғалған адамды 3 қаңтарда «Бекше» қыстауынан 10 км қашықтықта тапты.

Сонымен қатар, Қарағанды және Ақмола облыстарында «Алматы-Екатеринбург», «Щучинск-Астана» автожолдарында автокөліктер соқтығысқан кезде 26 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз.

Источник: qazaq.asia

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму