ТЖМ ескертеді: қатты аяз техногендік өрттердің өсуіне ықпал етеді

ТЖМ ескертеді: қатты аяз техногендік өрттердің өсуіне ықпал етеді

233 rob

Фотосурет: ҚР ТЖМ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ТЖМ бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды DKNews.kz.  

Қатты аяз техногендік өрттердің көбеюіне ықпал етуі мүмкін.

Осыған байланысты біз жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға немесе электр желілерін шамадан тыс жүктемеуге кеңес береміз.

Автокөлік иелеріне ашық оттың көмегімен автомобильдерді жылыту қаупі туралы еске саламыз.

ТЖМ еліміздің барлық тұрғындарына үйлеріңізде келеңсіздіктерді болдырмауға көмектесетін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады:

— мұржаларды уақтылы тазалап, пештерді жөндеу қажет;

— ақауы бар жылыту аспаптары мен газ жабдықтарын пайдаланбаңыздар;

— қуаты жоғары құрылғыларды бір уақытта қосу арқылы электр желісін шамадан тыс жүктемеңіздер;

— балаларды ересектердің қарауынсыз жалғыз қалдырмаңыздар.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстаныңыздар, сонда сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қаласыздар!!!

Барлық оқиғалар туралы 112 немесе 101 телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика