336 rob
Министрліктің кеңейтілген алқа отырысы барысында «Safety GIS» ЖШС жобасының жетекшісі М. А. Халилаев ҚР ТЖМ үшін әзірленген «ТЖ геоақпараттық жүйесі» платформасын дамыту және енгізу барысы туралы баяндама жасады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Төтенше жағдайлардың геоақпараттық жүйесінің негізгі міндеті-тиімді шешімдер қабылдау, оларды дамыту стратегиясын қалыптастыру, сондай-ақ дағдарыстық және төтенше жағдайлардың алдын алу немесе оларды жою үшін рәсімдер мен процестерді ақпараттық-талдамалық қолдауды қамтамасыз ету.
Бұдан басқа, бұл жүйе геопорталдар/геосервистер құрамында пайдалануға болатын техногендік, табиғи және экологиялық ТЖ мониторингі мен болжамдарын қамтамасыз етеді.
Баяндаманы тыңдалғаннан кейін заманауи технологияларды қолдануда үдерісті жеделдету және ТЖМ үйлестіруші рөлін нығайту бойынша өзекті проблемалық мәселелерді жүйелі шешуді талап ететін бірқатар бағыттар белгіленді.
Источник: qazaq.asia