Тірі қалу тарихы: жарақат алған турист тауларда құтқарылды

Тірі қалу тарихы: жарақат алған турист тауларда құтқарылды

221 rob

Фотосурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Кезекті құтқару операциясы 2023 жылғы 23 қарашада  Іле Алатауы тауларында жүргізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кезекші бөлімге Қырғызстаннан келген туристке көмек қажет екендігі туралы қоңырау түсті. Ол Бутаковка шатқалынан төменге түсіп келе жатып, аяғын жарақаттап алып, өздігінен жүре алмаған.

Түнгі 1:30-да Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел құтқару тобы зардап шеккен адамға көмекке шықты.

Таңғы сағат төртте құтқарушылар зардап шеккен адамды тапты, ол қатты тоңып қалған екен. Оның аяғы үсіп қалды деген күдік болды. Республикалық жедел-құтқару жасағы мен Алматы қаласы құтқару қызметінің құтқарушылары бірлесіп, зардап шеккен адамды шатқалдан төмен түсіру жұмыстарын бастады. Тауда қалың қар жатыр, төменге түсу кезінде де қар жауып тұрды, соқпақ  жол тайғақ, кейбір учаскелерден өту кезінде қауіп болды. Таңғы сағат бесте Қырғызстанның тұрғыны болып шыққан турист Апаттар медицинасы орталығының бригадасына аман-есен тапсырылды.

ТЖМ құтқарушылары еске салады: тауға шықпас бұрын, баратын бағытыңызды мұқият жоспарлаңыздар. Рельефті және жорықтың барлық қауіпті аймақтарын зерттеңіздер, физикалық мүмкіндіктеріңізді есептеңіздер.

Тауға жалғыз бармаңыздар, туыстарыңызға және жақындарыңызға қалаға оралу уақыты туралы ескертуді ұмытпаңыздар.  

Егер сізге көмек қажет болса «112» нөміріне қоңырау шалыңыздар.  

2023 жылдың басынан бері ТЖМ құтқарушылары тауларда 410 іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 255 адам, оның ішінде 12 бала құтқарылды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика