Тиімді құралдар: кәсіпкерлерге субсидиялар мен жеңілдікті несиелер беру

Тиімді құралдар: кәсіпкерлерге субсидиялар мен жеңілдікті несиелер беру

139 Awrora

Фотосурет: Gov

Ұлттық экономика министрлігі «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы» бағдарламалардың үйлестірушісі болып табылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Нұрбол Жанабековтың айтуынша, субсидиялау арқылы жеңілдетілген несие, ішінара кепілдеме және қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беру, ақпараттық-консультациялық қызметтер, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, іскерлік байланыстар, кәсіптік оқыту сияқты қаржылық емес қолдау түрлері жүзеге асырылады.

«Субсидиялау – сұранысқа ие құрал. Ол жеңілдетілген несие алуға бағытталған. Яғни кәсіпкер 21%-бен несие алса, оның 13%-ы субсидияланып, 8%-бен, ауылдық жерлерде 7%-бен жеңілдетілген несие беріледі. Жеңілдетілген несие 3 млрд теңгеге дейін 5 жылға беріледі. Бұдан басқа, субсидия «Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасында да бар. Несиелер 8%-бен, қызметтер саласына 10%-бен 5 жылға дейін беріледі» Нұрбол Жанабеков

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика